Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасы Каспий мен Бозжырада түсіріліп жатыр

Нұргүл Алясова
|
19.09.2025 12:52
Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасы Каспий мен Бозжырада түсіріліп жатыр
otpannews.kz

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің халықаралық Voice Beyond Horizon бағдарламасының түсірілімі Каспий мен Бозжырада өтіп жатыр, хабарлайды otpannews.kz.


Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Voice Beyond Horizon музыкалық жобасын Димаш Құдайберген Hunan Broadcasting System компаниясымен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Димаш Құдайберген мен жобаға қатысушылар Түркістан облысынан Ақтау қаласына ат басын бұрды. Қазір Каспий теңізінің жағалауында және Маңғыстаудың табиғи мұраларының бірі – Бозжыра шатқалында түсірілім жүріп жатыр. 


Халықаралық жобаның түсірілімі Түркістан, Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларында өтеді. Шоудың финалы елордада ұйымдастырылады деп жоспарланған.


Түсірілімге Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербиядан келген талантты орындаушылар қатысып жатыр. Қатысушылардың кәсіби деңгейін арнайы шақырылған халықаралық сарапшылар бағалайды.

67
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!