Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Қазақстан мен Иран Каспий бойынша ынтымақтастықты кеңейтеді

Жанкелді Қаржан
|
19.09.2025 09:32
Қазақстан мен Иран Каспий бойынша ынтымақтастықты кеңейтеді
ҚР СІМ

Қазақстан мен Иранның арнайы өкілдері Каспий теңізіндегі ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобындағы Қазақстан Республикасының және Иран Ислам Республикасының арнайы өкілдері Зульфия Аманжолова мен Казем Гариб Абади екіжақты консультациялар өткізді.


Тараптар Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттердің өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастығын кеңейту мен тереңдетуге қатысты көптеген мәселелер бойынша пікір алмасты.


«Теңіз акваториясын делимитациялауға, түрлі деңгейдегі алдағы іс-шараларды дайындауға, сыртқы істер министрлерінің кездесулері мен Каспий саммиттерінің қорытындылары бойынша тапсырмаларды іске асыруға байланысты міндеттерді шешуде көзқарастардың жоғары деңгейі мен жақындығы аталып өтті», - деп жазылған ҚР сыртқы істер министрлігінің ақпаратында. 


Келіссөздер дәстүрлі достық, өзара түсіністік пен конструктивті түрде өткен.

64
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!