Otpan News Logo

Түпқарағанда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі ауыл көшелеріне берілді

|
14.01.2026 10:26
Түпқарағанда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі ауыл көшелеріне берілді

Түпқараған ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін ұлықтау мақсатында олардың есімдері ауылдағы көшелерге берілді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақшұқыр ауылында ел қорғаған ерлердің атына 9 көше, Таушық ауылынан 2 көше, Сайын Шапағатов ауылынан 3 көше, Қызылөзен ауылынан 1 көше және Форт-Шевченко қаласынан 6 көше берілді.


Танымдық іс-шара Мемлекет басшысының Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, бір немесе одан да көп орденмен марапатталған соғыс ардагерлерінің есімдерін көше атауына беру туралы тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылды.



- Аудан бойынша ауылдардан 29 ардагердің есімі ұсынылып, оның ішінде 21 тұлғаның есімі мақұлданды. Нәтижесінде Ақшұқыр, Сайын Шапағатов, Таушық, Қызылөзен ауылдары және Форт-Шевченко қаласы соғыс ардагерлерінің аты көшелерге беріліп отыр. Біз осы арқылы кейінгі ұрпаққа олардың ерлігін, майдан даласында от пен оқтың ортасында жүріп, Отан алдындағы борышын адал өтегенін ұлықтап отырмыз. Ел үшін жанын пида еткен ерлерге тағзым көрсету - біздің парызымыз, - деді іс-шараға қатысқан ауыл әкімдері.


Алдағы уақытта Форт-Шевченко қаласында тағы 6 көшеге ардагерлердің есімін беру жоспарланған.

64
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!