Otpan News Logo

Қар мен жаңбыр, көктайғақ: Маңғыстау тұрғындарына ескерту жарияланды

Қар мен жаңбыр, көктайғақ: Маңғыстау тұрғындарына ескерту жарияланды

14 қаңтарда Маңғыстау облысында жауын-шашын күтіледі. Аймақта жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз облыстың батыс, оңтүстік және орталық бөліктерінде бұрқасын болуы ықтимал, деп хабарлайды otpannews.kz.


Сондай-ақ өңірдің батыс, солтүстік және орталық аймақтарында тұман түседі деген болжам бар. Жел солтүстік-батыстан соғып, күндіз батыс, оңтүстік және орталық өңірлерде екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.


Маңғыстау облыстық ТЖД мамандары тұрғындарға қолайсыз ауа райына байланысты тұрғындарға аса қажеттілік болмаса, алыс жолға шықпауға кеңес береді.

105
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!