Otpan News Logo

Қазақстандықтар әзірге зейнетақы қаражаты есебінен емделуге өтініш бере алмайды

|
13.01.2026 11:09
Қазақстандықтар әзірге зейнетақы қаражаты есебінен емделуге өтініш бере алмайды

Елімізде зейнетақы жинағын емделу үшін пайдалану уақытша тоқтатылды. Бұл туралы «Отбасы банктің» баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады otpannews.kz.


Енді «Отбасы банкі» Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, БЗЖ есебінен медициналық қызметтерді алуға қойылатын талаптарды қайта қарайды. Емделуге өтінімдер қашан қабылданатыны кейін жарияланады.


Отбасы банк осыған дейін бір клиенттің 32,6 млн теңге (59 мың АҚШ доллары) көлемінде қаражатты тіс емдеуге алған жағдайын мысалға келтірді. Банк бұл сома шамамен 65 имплант жасауға жететінін есептеп шығарған.


Еске сала кетейік, желтоқсан айынан бастап зейнетақы қаражаты есебінен төлеуге болатын медициналық қызметтер тізімінен тіс пен көзді емдеу алынып тасталды.

62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!