Ақтауда полицейлер суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды
Ақтауда полицейлер суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін сағат 11:09 шамасында Ақтау қаласының теңіз жағалауында полиция қызметкерлеріне теңіз ортасына қарай бет алған, айналасындағыларға мән бермеген жасөспірім туралы хабар түсті.
Оқиға орнына дереу жеткен Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Абдурахим Сәтешов және Азамат Қарабалаев жағдайдың қауіпті екенін көріп, бір сәт те кідірместен теңізге секірген. Өздерінің жеке қауіпсіздігін елемей, олар жасөспірімді жағаға алып шығып, баланың өмірін сақтап қалды.
Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрі батыл әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Қазіргі уақытта жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізілді.