Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Түпқарағанда Республика күні аталып өтті

|
24.10.2025 17:01
Түпқарағанда Республика күні аталып өтті

Түпқарағанда 25 қазан - Республика күніне арналған «Жасай бер, Қазақ елі» атты салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жиында аудан әкімі Ержан Күмісқалиев сөз сөйлеп, түпқарағандықтарды Республика күнімен құттықтады. 


- 25 қазан – халқымыз үшін ерекше күн, себебі осы күні ұлтымыздың болашағының бағдарын айқындаған тарихи шешім қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздің одан әрі дамуына бағытталған маңызды бастамаларды көтерді. Әсіресе, экономикалық өсімді жеделдету, халықтың әл-ауқатын арттыру және жаңа саяси реформаларды іске асыру бойынша нақты қадамдар белгіленді. Президентіміздің Жолдауында айтылғандай, әрбір азамат ел тағдырына өз үлесін қосуы керек, себебі болашақтың іргетасы бүгін қаланады. Біз бірлігімізбен және ортақ мақсаттарға ұмтылу арқылы Отанымыздың болашағын жарқын ете аламыз. Сіздерге зор денсаулық, амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы игі істеріңізге табыс тілеймін, - деді аудан әкімі Ержан Күмісқалиев. 



Салтанатты шарада бірқатар азаматқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыстармен марапатталды. Сонымен бірге, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» салтанатты түрде табысталды. 


Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

86
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!