Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстаулық азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды

|
25.10.2025 11:47
Маңғыстаулық азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды

Ақтауда 25 қазан – Республика күні аясында мерекелік іс-шара өтіп, үздіктер марапатталды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Салтанатты іс-шара шымылдығы мемлекеттік Туды ортаға әкеліп, Әнұран шырқаумен түрілді. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай сөз сөйлеп, келген қонақтарды Республика күнімен құттықтады. 


“Ардақты ел ағалары! Құрметті жерлестер! Бүгінгі мереке құтты болсын! Президентіміз “Қазақстан – ортақ шаңырағымыз” деп атағандай, ортақ шаңырағымыз – биік, еліміздің егемендігі – мәңгілік болсын! Бүгінгі мереке – ұлы күн. Өйткені осы күнге жетпей кеткен ұлт көп. 
Еліміз күннен күнге дамып келеді. Облыс әлеуеті де жыл санап артуда. Аймақтағы білім саласына баса мән берілуде. Медицина саласы да қарыштап дамып жатыр. Бұдан бөлек спорт, ветеренария, өндіріс, экономика, туризм салалары да  басты назарда. Бұның барлығы – елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің нәтижесі. Ендеше, мереке құтты болсын! Ел Президентінің Жарлығымен марапатқа ие болған барша жанды құттықтаймын. Облысымыздың дамуына елеулі үлес қосқандарыңызға алғыс!”- деді аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай. 


Іс-шара барысында мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Президентінің Жарлығымен бірнеше азамат наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, “Парасат” орденімен – 1 адам, “Құрмет” орденімен – 7 адам, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен – 2 адам, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен – 2 адам және «Ерен еңбегі үшін» медалімен – 16, ал «Шапағат» медалімен – 3 адам наградталды. 


Марапаттау рәсімінен соң марапатталушылар атынан “Парасат” орденіне ие болған Еңбек ардагері Даржок Сейбағытов сөз сөйледі. 


“Бүгінгі күн – ел үшін ең қасиетті күн. Бүгінгі күн – бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған күні. Тәуелсіздігіміз мен егемендігіміз мәңгілік болсын! Елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тілеймін!,- деді ол.
29
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!