Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Браконьерлер бізден асып түседі»: Маңғыстау прокуратурасы балық инспекциясының техникалық базасын күшейтуді ұсынды

«Браконьерлер бізден асып түседі»: Маңғыстау прокуратурасы балық инспекциясының техникалық базасын күшейтуді ұсынды

Маңғыстау облысы прокуратурасы теңізде браконьерлерді бақылауды күшейту мақсатында балық инспекциясының және су полициясының материалдық-техникалық базасын нығайтуды ұсынды. Құзырлы орган өкілдері қазіргі уақытта браконьерлермен күрес негізінен құрлықта жүргізіліп, теңіздегі бақылау әлсіз екенін айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Соңғы бес жылда өңірде браконьерлікке байланысты 50-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.


«Қазір браконьерлерге тек құрлықта ғана қарсы тұра аламыз. Каспий теңізінің акваториясында уәкілетті органдар мен құқық қорғау құрылымдарының ресурстары жеткіліксіз. Сондықтан тиісті бюджет қаражатын бөліп, балық инспекциясы мен су полициясын заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету керек. Қазір олар бізден жылдам, сондықтан теңізде браконьерлерге толық қарсы тұра алмаймыз», – деді Маңғыстау облысы прокуратурасы басқармасының басшысы Мерген Мендіғалиев.
83
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!