Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстаулық 3 мұғалім «Үздік педагог» атанды

Маңғыстаулық 3 мұғалім «Үздік педагог» атанды

Астана қаласында «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. «Үздік педагог» атанғандардың қатарында маңғыстаулық мұғалімдер де бар, деп хабарлайды otpannews.kz облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.


Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жаңабергенова Мейрамгүл Сакидуллақызы «Үздік педагог – 2025» атанды. Сондай-ақ Ақтау қаласындағы мамандандырылған ІТ лицейінің математика пәні мұғалімі Диханова Жүзім Сыдиыққызы мен Ақтау қаласындағы Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Кенжалиева Әсел Қабиденқызы да байқауда озып шығып, үздіктердің қатарынан көрінді.


Салтанатты жиында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарды марапаттап, оларға шығармашылық табыс пен кәсіби жетістік тіледі. 


Жеңімпаз ұстаздарға «Үздік педагог» куәлігі мен төсбелгісі табысталып, 1000 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы берілді. 


Айта кетейік, 2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл байқау – педагог мәртебесін арттырып, ұстаздардың шығармашылық белсенділігін қолдауға бағытталған маңызды жоба.

93
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!