Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Тамара Асарға «Халық әртісі» атағы табысталды

|
24.10.2025 16:27
Тамара Асарға «Халық әртісі» атағы табысталды
Фото: Ақорда

Республика күніне орай Ақордада өткен салтанатты іс-шарада белгілі әнші Тамараасар Жанқұлға еліміздің «Халық әртісі» атағы берілді, деп хабарлайды Otpannews.kz


Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев түрлі саланың адамдарын әртүрлі деңгейдегі ордендермен марапаттап, бірқатарына жаңа атақтарды табыстаған болатын. 


"Мәдениет – ұлттың рухани дербестігінің кепілі. Сондықтан біз өмірін өнер жолына арнаған қайраткерлерге әрдайым құрметпен қараймыз. Руханиятымызға ерекше еңбек сіңіргені үшін белгілі өнер майталмандары – Болат Әбділманов, Тамараасар Жанқұл, Шынар Жанысбекова "Қазақстанның халық әртісі" атағына лайық деп танылды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Бұған дейін Маңғыстау өңірінің тумасы, белгілі дәстүрлі әнші Айгүл Қосановаға да «ҚР Халық әртісі» атанған еді.

42
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!