Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Шетпедегі карьерлер қайта тексерілуде

|
24.10.2025 16:27
Шетпедегі карьерлер қайта тексерілуде
Sputnik.kz

Шетпе тұрғындары жылдар бойы ауыл маңындағы қиыршық тас карьерлеріне шағымданып келеді. Аталған нысан иелеріне қатысты қолданылып жатырған шаралар туралы облыстық прокуратурада өткен үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Қазіргі уақытта Шетпеде 19 карьер тіркелген, оның тоғызы жұмыс істейді.


«Ауыл тұрғындары шағымданатын екі мәселе бар: карьерлерден шығатын шаң және көлік шуы. Қазір бір карьерге қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Тағы бір карьердің жұмысын тоқтату туралы сот ісі қозғалды. Уәкілетті орган қалған карьерлерді тексеруді жалғастыруда. Болашақта, мүмкін, 10-15 жылдан кейін бұл карьерлер ауылдан алысырақ жерге көшірілуі мүмкін», - деді облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің басшысы Мерген Меңдіғалиев.
100
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!