Маңғыстаулық мемлекеттік қызметші «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды
Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің қатысуымен Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және мемлекеттік қызмет саласындағы адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін бірқатар қызметкерлер марапатталды.
Солардың бірі - Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Фарида Жұманазарова. Ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Д.Жазықбайдың 2025 жылғы 15 қазандағы №174 бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Фарида Жұманазарова мемлекеттік қызмет саласында бірнеше жыл еңбек етіп, әлеуметтік қолдау бағытында тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қосып келеді.
-Бұл марапат мен үшін үлкен құрмет әрі жауапкершілік. Мемлекеттік қызметші болу - халықтың сенімін ақтау, ел игілігі жолында аянбай еңбек ету деген сөз. Еңбегіміздің еленіп, бағалануы - барша әріптестеріме де ортақ қуаныш деп білемін, - деді ол.
114
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев