Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Республика күні - ел мерекесі

Республика күні - ел мерекесі

25 қазан – Республика күні. Бұл күн – еліміздің мемлекеттілігінің іргетасы қаланған тарихи сәтті еске алу, азаттық пен бірліктің, елдік пен тұтастықтың мерекесі. Otpannews.kz тілшісі ел тұрғындарынан Республика күнінің мәні туралы сұрап білді.


Тоқтамыс Жұмағұлов - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы: Республика күні – халқымыздың тәуелсіздікке деген асқақ рухының, ел ертеңіне деген сенімнің көрінісі. Бүгінгі таңда әрбір азамат, соның ішінде мемлекеттік қызметшілермен өңірдің еңбекқор тұрғындары, өз ісімен туған жердің гүлденуіне, ел игілігіне үлес қосып келеді.


Бұл мереке – еліміздің мемлекеттілігін, егемендігін және халық бірлігін дәріптейтін тарихи әрі тағылымды күн. Сіздерді ұлық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы айтулы күні сіздерге және отбасыларыңызға амандық, мол ырыс, еңбекте табыс және жаңа жетістіктер тілеймін.



Гүлжанат Құлымжан - информатика пәнінің мұғалімі: Республика күні – мен үшін елдіктің, бірліктің және рухани жаңғырудың мерекесі. Мереке – жас ұрпақтың жүрегіне отансүйгіштік сезім ұялататын, ел тарихын қадірлеуді үйрететін уақыт. Әр сабақта біз оқушыларымызға тәуелсіздіктің қадірін түсіндіріп, елін сүйетін тұлға болып өсуге бағыт береміз.


Республика күні – тек мерекелік күн емес, ол – ел болудың, егемендікті сақтаудың маңызын еске алатын күн. Осындай айтулы мерекеде мен барша қазақстандықтарды бірлік пен татулыққа, бейбіт өмір мен баянды болашаққа шақырамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Еліміз қашан да өркендеп, білімді де намысты ұрпағы арқылы биіктерге жете бергей.



Айқын Шаңбай - 11-сынып оқушысы: 25 қазан – Республика күні – еліміздің тарихындағы аса маңызды мерекелердің бірі. Бұл мереке – халықтың бірлігін, татулығын, елге деген сүйіспеншілігін айқындайтын сәт. 


Мереке күні қаламыз ерекше күйге енеді. Көшелер мен алаңдарда мемлекеттік рәміздер ілініп, жалаушалармен безендіріледі. Барлық жерде мерекелік концерттер, көрмелер мен мәдени шаралар ұйымдастырылып, халықтың жүрегінде патриоттық сезім оянады. Мектептерде тәрбие сағаттары мен ашық сабақтар өтіп, оқушылар ел тарихымен танысады. Мемлекеттік Ту көтеріліп, патриоттық әндер шырқалады. Мен үшін Республика күні – елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін оятатын ерекше мереке.


87
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!