Otpan News Logo

Камеральдық бақылау қорытындысы: 2 мыңнан астам ескерту жолданды

|
27.03.2026 08:32
Камеральдық бақылау қорытындысы: 2 мыңнан астам ескерту жолданды

2025 жылы камералдық бақылаумен барлығы 19 785 мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды, бұл бақылауға жататын 20 271 рәсімнің 98,3%-ын құрайды. Камералдық бақылау нәтижесі бойынша барлығы 2 188 хабарлама жолданды оның ішінде:


Бірінші бағыт бойынша – конкурстық құжаттаманың сәйкестігіне 429 хабарлама;


Екінші бағыт бойынша – конкурстық құжаттаманы талдауының заңдылығына 44 хабарлама;


Бір көзден алу тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алуға жүргізілген камералдық бақылау бойынша 1000 хабарлама;


Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алуға жүргізілген камералдық бақылау бойынша 715 хабарлама.


Хабарламаларды тиісінше орындамау фактілері бойынша ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі негізінде 54 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 60 әкімшілік хаттама толтырылды.

96
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!