Бейнеу аудандық бөлімінде 126,4 млн теңгеге бұзушылық анықталды
Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудит нәтижесімен барлығы 126 456,3 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның 23 481,3 мың теңгесі бюджетке өтелуге тиіс болған.
Мекемемен Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №288 бұйрығы негізінде мүгедектерге жеке көмекші тағайындалған.
Осы бұйрықтың 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес жеке көмекші – жүріп тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды алып жүру және обьектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша қызметтер көрсететін адам делінген. Сондықтан жеке көмекші ретінде шартқа отырған адам басқа еш жерде қызмет жасамауға тиіс.
Төлемдердің негізділігін ішінара тексеру барысында Департаментпен төмендегідей жағдайлар анықталды. Департаментпен 2025 жылдың 14 сәуірінде Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-ның Маңғыстау облысының филиалына міндетті зейнетақы жарналары туралы сұраныс жолданған болатын. «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпарациясы» КЕАҚ-на 16.04.2025 жылы №03-12-20-30/8344 санды хатымен жауап хат келіп түсті. Алынған ақпарат бойынша мекемемен жеке көмекші ретінде тағайындалған жеке көмекші болып қызмет жасап төлемдер алып отырған азаматтардың ішінде бірнеше азаматтар басқа жерде қызмет жасап жүргені анықталып, барлығы 4 адамға 4 510,9 мың теңге жеке көмекшілерге негізсіз төленген.
Сондай-ақ, Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №288 бұйрығының 7-тармағына сәйкес Жеке көмекші қызметті Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде портал арқылы жүзеге асырады. Шартта мүгедектігі бар адамдарға портал арқылы өткізу кезінде құнын өтеуге жатпайтын қызметтерді ұсыну талаптары айтылады. Мыналар:
5) бірінші топтағы мүгедектігі бар адам үшін жеке көмекші оның жақын туысы болып табылатын жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адам жеке көмекші бола алмайды делінген.
Алайда аудит барысында Мекемемен негізсіз 12 адамға 18 372,52 мың теңге төленгені анықталып, өндіру үшін Нұсқама жолданған болатын.
Мекеменің алынған шараларымен қәзіргі таңда аудитпен анықталған бюджетке өтелуге тиіс бұзушылықтардың сомалардың 5 366,4 мың теңгесі өтеліп, өтелуге тиіс болып қалған 18 миллион 114 мың 943 теңге.
Нұсқама дер кезінде орындалмауына байланысты материалдар Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданып, оң шешімін тапты. Бүгінгі таңда соттың шешімі күшіне еңді алдағы уақытта бұзушылық сомасы бюджетке өндіріледі.