Otpan News Logo

Миссис Қазақстан-2026: Ақтаулық Камила Көбесова жеңімпаз атанды

|
21.03.2026 12:58
Миссис Қазақстан-2026: Ақтаулық Камила Көбесова жеңімпаз атанды

Ақтаулық Камила Көбесова Mrs. Kazakhstan байқауына қатысып, үздік деп танылды. Отыздан астам әйел қатысқан сұлулық байқауында жеңіске жеткен жерлесіміз алдағы уақытта Лос-Анджелесте әлем сұлуларымен жарысады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Камила Көбесова байқауда “Mrs. World Kazakhstan” атағына ие болды. Бұл жарыста қатысушыға қолдау көрсетуге  отбасы толық келген. 


“Камиламыздың “Мисс болғым келеді” деген арманына балта шаппай, осы гештальтының орындалуына өзінің септігін тигізіп, үнемі қасынан табылып, қолдауын білдіріп жүрген Төлеген күйеу баламызға рахмет”,- деп жазды Камиланың анасы Ақмарал Қонақбаева. 


Камила – Ақтау қаласының тұрғыны, мамандығы – тіс дәрігері. Үш балалы ана негізгі жұмысынан бөлек блог жүргізумен де айналысады. 

32
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!