Otpan News Logo

Ақтауда Наурыз мерекесіне арналған ауқымды концерт өтті

|
22.03.2026 13:28
Ақтауда Наурыз мерекесіне арналған ауқымды концерт өтті

Ақтауда Амфитеатр алаңында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Науша Наурыз – бақ, ырыстың бастауы» атты театрландырылған мерекелік концерт шымылдығын түрді. 11:00-де басталған шара қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды otpannews.kz.



Концерт шымылдығы Облыстық драма театры әртістерінің аналар бейнесіндегі әсерлі көрінісімен ашылып, көрермендерге ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мазмұнды қойылым ұсынылды. Одан кейін сахна төрінде өңірлік «Жорға» би ансамблі, «Шива» және «Мұнара» би топтары өнер көрсетіп, ұлттық және заманауи билер арқылы мерекенің сәнін келтірді. Сонымен қатар «Колибри» сән театры ерекше дефилесімен көпшіліктің ықыласына бөленді.


Концертте аймаққа танымал өнерпаздармен қатар қазақ эстрадасының жұлдызы Ақылбек Жеменей де өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.



Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік бағдарлама кешке дейін жалғасады. Сағат 19:00-де өтетін гала-концертте эстрада жұлдыздары Ғаділбек Жаңай, Шыраз Нуратдинов және Инабат Джуманиязова өнер көрсетпек.

8
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!