Маңғыстау облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы «Парасат» орденімен марапатталды
Ақордада өткен Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиында Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заң мен тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Маңғыстау облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіповке «Парасат» орденін табыстады, деп хабарлайды otpannews.kz.
Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы 1965 жылы Маңғыстау облысында туған. Қазақ химия-технологиялар институтын 1989 жылы «автоматтандыру инженері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Алматы Менеджмент университетінің «іскерлік басқару» бойынша магистрі.
Ол өңірде өндіріс саласында еңбек етіп, жеке кәсіппен айналысқан. 2011-2017 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болған. Кейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысының жобалық кеңсесінің басшысы қызметтерін атқарған. 2022 жылдан бері “Caspian investments” инвесторлар ассоциациясы” ЗТБ Басқарма төрағасы.