Otpan News Logo

«Ақбота» саябағында заңсыз сауда нысандарын жою жұмыстары басталды

|
21.03.2026 14:14
«Ақбота» саябағында заңсыз сауда нысандарын жою жұмыстары басталды

Ақтауда 4а шағынауданда орналасқан «Ақбота» саябағы аумағында заңсыз орналастырылған сауда нысандарын жою жұмыстары басталды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпаратына сай, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан бұған дейін заңсыз нысан иелеріне тиісті хабарламалар жолданып, нысандарды өз еркімен демонтаждау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Алайда, ескертулерді елемеген кәсіпкерлердің нысандары бүгіннен бастап қала әкімдігінің күшімен мәжбүрлі түрде алынуда.


“Қала аумағында заңсыз кәсіпкерлік қызметтің алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және абаттандыру талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғаса береді”,- делінген хабарламада. 


Айта кетейік, аталған шаралар қала аумағында заңдылықты қамтамасыз ету, қоғамдық кеңістіктердің сәулеттік келбетін сақтау және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жүзеге асуда.

72
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!