Ақтауда Наурыз тойын тойлау басталды
Бүгінгі кеште Абай атындағы мәдени демалыс кешенінің ұйымдастыруымен мазмұнды әрі көркем бағдарламалар көрермен назарына ұсынылып жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік концерт сағат 17:00-де басталды. Іс-шара 18:00-де Е. Айшуақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің кешімен жалғасты. Сағат 18:30-да «Алтыбақан» этнографиялық ойын-сауық отауы ұсынылады.
“Барша қала тұрғындары мен қонақтарын теңіз жағалауындағы мерекелік кешке шақырамыз! Ұлттық дәстүр мен өнер тоғысқан тағылымды кештің куәсі болыңыздар!”- деді әкімдік өкілдері.
18
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев