Маңғыстауда Наурыз тойында цифрлық киіз үй тігілді
Маңғыстауда өтіп жатқан Наурыз тойында екі цифрлық киіз үй тігілді. Бірінші киіз үйде өңірлік стартаптар, екіншісінде ЖИ-ге қатысты жобалар қойылған,- деп хабарлайды otpannews.kz.
Мұнда келушілер цифрлық стартап жобаларымен танысып жатыр.
- Бірінші цифрлы киіз үйде 3D принтерден шығарылған бұйымдар, LEGO негізінде «31 robotics» жас командасы жасап шығарған робот көліктер, смарт киіз үй жобасы, әлеуметтік желілердегі фейк ақпараттарды анықтауға көмектесетін «deeproof» бағдарлама және ақылды 3D карта арқылы сканерленетін ақылды дрон және қазақтың ұлттық ойындары, салт-дәстүрі түсіндірілетін «sardar» қосымша ойыны сондай-ақ туризм саласына негізделген «ken dala» қосымшасы жинақталған. Екінші киіз үйде шай құятын «Наурызгүл» атты ақылды келін мен «Амалбек» атты қолға су қоятын робот-бала және ЖИ-мен арқылы құттықтайтын LED экран қойылған,- деді Mangystau Hub аймақтық IT hub-тың басшысы Әйгерім Мәжітай.
Айта кетейік, Амфитеатр алаңына келушілер қатары көп. Қазір сахнада өлке өнерпаздарының мерекелік концерті өтіп жатыр. Іс-шара спорттық ойындармен, ұлттық бұйымдар қойылған көрмемен жалғасады.