Otpan News Logo

Ақтаудағы Наурыз тойында шетелдіктер қолөнер көрмесіне ерекше қызығушылық танытты

Ақтаудағы Наурыз тойында шетелдіктер қолөнер көрмесіне ерекше қызығушылық танытты

Ақтауда Наурыз мейрамы аясында амфитеатр алаңында ұлттық қолөнерді ұлықтаған көрме ұйымдастырылып, шетелдік қонақтар ұлттық өнерге ерекше қызығушылық танытты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Көрмеде шеберлер ұршық иіріп, бау тоқып, киіз басу секілді көне өнер түрлерін көпшілікке таныстырып, ою-өрнек салудың қыр-сырын көрсетті. Екі беті бірдей түсетін оюлар, қума мүйіз өрнегі, шымылдық бастар мен әсем шашақтар – барлығы да ұлттық дүниетанымның тереңдігін аңғартты.


Шара барысында шетелдік қонақтар дайын бұйымдарды тамашалап қана қоймай, олардың жасалу процесіне де куә болды.


- Шетелдік қонақтар көптеп келіп, ұлттық қолөнерімізге қызығушылық танытып жатыр. Біз осында ұршық иіріп, бау тоқып, ою-өрнекті қолмен салып, шымылдық бастар мен түрлі шашақтар жасап көрсетіп жатырмыз. Шашақ – ежелден «ұрпағымыз өсіп-өнсін, берекеміз артсын» деген ниетпен жасалатын бұйым. Бұл өнерді біз үлкендерден үйрендік, енді жастар да жалғастырып, келесі ұрпаққа жеткізсе дейміз. Қазір сұраныс бар, өзіміз де сүйіспеншілікпен айналысамыз. Қолөнер адамның жанын тыныштандырып, денсаулығына да жақсы әсер етеді. Қой жүнін өңдеп, киіз басу – ата-бабамыздан қалған асыл мұра, - дейді қолөнер шебері Қырмызы Қожахметова.


Көрме Наурыз мейрамының мазмұнын байытып, ұлттық өнердің бүгінгі тынысын айқындаған тағылымды алаңға айналды.

10
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!