Otpan News Logo

Биыл түпқарағандықтар Наурыз тойын Форт-Шевченко қаласының 180 жылдық мерейтойымен қатар тойлады

|
22.03.2026 15:03
Биыл түпқарағандықтар Наурыз тойын Форт-Шевченко қаласының 180 жылдық мерейтойымен қатар тойлады

Наурыз мерекесінде Форт-Шевченко қаласында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Орталық алаңда ағаш үй тігіліп, қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерт өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Шарада аудан әкімі Ержан Күмісқалиев тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, тілегін жеткізді.


- Ұлыстың ұлы күні елдік, бірлік сипатын былай қойғанда, оның құндылығы сол – адамзатты инабаттылыққа, адамгершілікке, иманжүзділікке, ізгілікке баулиды. Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыс әкелсін. Еліміздегі тұрақтылық тұғыры бекемделіп, бақ-берекеміз арта берсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ағайын, – деді Ержан Көпжасарұлы.



Іс-шарада ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті. Салт-дәстүр дәріптеліп, сахналық қойылымдар арқылы Наурыздың мәні мен маңызы көрерменге кеңінен насихатталды. Күн мен көктемнің бейнесі, Қыдыр атаның батасы, Наурыз көже дайындау көрінісі көпшілікке ерекше әсер сыйлады.


Форт-Шевченко қаласының 180 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген мерекеде сахна төрінде «Шоғы» тобы, «Саз» фольклорлық ансамблі, «Асыл әжелер» вокалды ансамблі және өзге де өнер иелері мерекелік көңіл-күй сыйлады.



Іс-шарада келушілер «Digital Nauryz» цифрлық киіз үйіндегі цифрлық жобалармен танысты.

13
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!