«ҮЕҰ Дерекқорына» мәліметтерді тапсыру науқаны
Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметі туралы (2025 жыл бойынша) мәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорына» ұсыну науқаны ақпараттық жүйелердің үйлеспеушілігіне байланысты туындаған техникалық мәселелерге байланысты 2026 жылғы 30 сәуірге дейін ұзартылғанын хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін ұсынылуы тиіс.
«ҮЕҰ Дерекқорына» мәлімет ұсыну ҮЕҰ қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа, гранттарға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық конкурстарына қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
Мәліметтер «Еsep.govtec.kz/npo» цифрлық платформасы арқылы қабылданады және белгіленген Қағидаларға сәйкес ұсынылады.
Мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы әрі дұрыс ұсынбау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғады.
Сұрақтар пайда болған жағдайда, облыстың қала-аудандарындағы ішкі саясат бөлімдерінің, сондай-ақ ҚР МАМ және «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК-ның қызметкерлерімен келесі мәліметтер арқылы байланыса аласыз:
ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитеті, тел: 74-04-28, 74-04-20.
Техникалық қолдау «ЦҮҚО» ШЖҚ РМК - center@govtec.kz.