Otpan News Logo

Ақтауда Наурыз мерекесінде мәдени-танымдық көрме ұйымдастырылды

|
22.03.2026 16:22
Ақтауда Наурыз мерекесінде мәдени-танымдық көрме ұйымдастырылды

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай Ақтауда теңіз жағасында бірқатар мәдени-танымдық көрме ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара аясында Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі, Отпан тарихи-мәдени кешені, Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық музейі және Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы арнайы көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Бұл көрмелердің мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи мұраны насихаттау, тұрғындар мен қонақтарға халықтың бай мәдениетін таныстыру. Экспозициялар қатарында келушілерге өлке тарихы, рухани мұрасы мен дәстүрлі өнерге қатысты құнды жәдігерлер таныстырылды.


Мерекелік іс-шаралар Наурыз мейрамының мазмұнын айшықтап, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталды. Сонымен қатар, көрмеде келушілер танымдық әрі рухани тағылым алды.


Ғалым Серікбол Қондыбайдың апасы Балсұлу Қондыбай маңғыстаулықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, тұрғындардың ғалым шығармашылығына қызығушылық танытып жатқанын атап өтті.


- Баршаңызды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл көрмеде Серікбол Қондыбайдың картиналары, дизайнерлік жұмыстары және шығармашылығына қатысты түрлі жәдігерлер ұсынылды. Халықтың қызығушылық танытып, оның еңбектерін түсінуге ұмтылып жатқаны бізді қуантады. Тарихты танығыңыз келсе, Серікбол Қондыбайдан бастаңыз,-деді Балсұлу Қондыбай.

11
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!