Otpan News Logo

Ақтауда Ұлыстың ұлы күні кең көлемде тойланып жатыр

|
22.03.2026 11:16
Ақтауда Ұлыстың ұлы күні кең көлемде тойланып жатыр

Ақтауда Амфитеатр алаңында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде тойланып жатыр. Теңіз жағалауында 30-ға жуық киіз үй тігіліп, ұлттық дәстүр дәріптелуде, деп хабарлайды otpannews.kz.


Мерекелік шара аясында қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, ұлттық бұйымдар таныстырылуда. 5 мың адамның ұлттық киіммен Гиннес рекодттар кітабына енгеніне бір жыл толуына орай ұлттық киім киген өнерпаздар мен қала тұрғындары мерекелік шеруге шықты. Сондай-ақ алдағы сағатта түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылып, думанды шара концертпен жалғасады.


Айта кетейік, «Наурыз» белгісі бар қоғамдық көліктер 15 шағын аудандағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан бастап «Амфитеатр» алаңына дейін жолаушыларды тегін тасымалдап жатыр. Ал 23 наурызда Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтеді.

79
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!