Мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі өзгерді
Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, кадрлық іріктеу сапасын және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында 2026 жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңартылған тәртібі енгізілді.
Енді конкурсқа қатысу толық онлайн eqyzmet.gov.kz порталы арқылы қабылданады. Бұл уақытты үнемдеп, үдерісті барынша қолжетімді етеді.
Кандидаттар:
- заңнаманы білу тестінен;
- жеке қасиеттерін бағалау кезеңінен өтеді.
Тестте 55 сұрақ.
Минимум: 30 дұрыс жауап және әр заң бойынша кемінде 5 дұрыс жауап.
Жеке қасиеттерді бағалау 3 бағытта өтеді:
- басшылық лауазымдар;
- басшылық емес лауазымдар;
- тәжірибе талап етілмейтін төменгі лауазымдар.
Нәтижелер 1 жылға жарамды.
Тестті айына 3 ретке дейін тапсыруға болады.
Конкурсқа ТОП-5 кандидат өтеді.
Құжаттар онлайн тапсырылады.
Іріктеу кезеңдері:
- басшылар: эссе + онлайн сұхбат;
- басқа лауазымдар: практикалық тапсырмалар.
Барлық нәтижелер автоматты түрде есептеледі.
Ашықтық үшін (сұхбаттан басқа) барлық кезеңде прокторинг қолданылады.
Конкурстық рәсімдердің мерзімі қысқартылды: Қазір 5–7 жұмыс күнін ғана қамтиды. (бұрын шамамен 23–30 күн)