Маңғыстауда білім басқармасы бітіру кештеріне қатысты маңызды ескерту жасады
Маңғыстау облысының білім басқармасы кезекті оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп бітіру іс-шараларын өткізу мәселесіне қатысты шектеулерді атады, деп хабарлайды otpannews.kz.
Білім басқармасының мәліметінше, Оқу-ағарту министрінің «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинауға және бітіру іс-шараларын өткізуге жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің №4 қаулыны қабылдады. Қаулы негізінде Маңғыстау облысы білім басқармасының бұйрық шығарды.
- Бірлескен бұйрық пен қаулыға сәйкес оқу жылының аяқталуына байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кештер, банкеттер, автокортеждер, таңды қарсы алу шаралары, алау жанында өткізілетін іс-шаралар, мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, асханаларда, демалыс базаларында және табиғат аясында өткізілетін салтанатты іс-шаралар нысандарында бітіру іс-шараларын өткізуге қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар, аниматорларды, мерекелік агенттіктерді және жеке студияларды тартуға, әкімшілікке және педагогикалық ұжымға сыйлыққа қаражат жинауға жол берілмейді. Егер білім беру ұйымдарында аталған негізде ақша жинау фактілеріне кездесіп, куә болып жатсаңыздар, (фото, видео дәлелдерімен) білім басқармасының Call-орталығына 8 (7292) 60-75-15, 109 немесе құқық қорғау органдарына хабар беруіңіз сұралады, - делінген хабарламада.
Білім басқармасы ата-аналардан тыйым салынған талаптарды ескере отырып, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауды сұрайды.