Ақтауда құзғындар ұя салып, жұмыртқа басуда
Ақтаудағы Қаракөлде ҚР Қызыл кітабына енген кішкене суқұзғын құсы мекендейді. Олар қазір жұмыртқа басып жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Маңғыстаудың бірегей табиғаты мен эко-жүйесінің маңызды бөлшегіне айналған бұл сирек кездесетін құстардың биылғы ұя салу маусымы ерекше белсенділікпен басталды. Қаракөл көлінің маңындағы тыныштық пен қолайлы климаттық жағдай құстардың қауіпсіз көбеюіне септігін тигізіп отыр.
Құзғындар – табиғатта өте сақ, адам аяғы баспайтын, биік әрі оңаша жерлерді таңдайтын құстар тобы. Сондықтан олардың Қаракөл аумағында ұя салып, ұрпақ өрбітуге кірісуі – аймақтағы экологиялық тұрақтылықтың бір белгісі.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта құстар өте сезімтал кезеңді бастан өткеруде. Кез келген сыртқы фактор, шу немесе адамдардың тым жақын келуі аналық құстардың ұясын тастап кетуіне әкеп соғуы мүмкін.
«Кішкене суқұзғыны – бұл өз тұқымдасындағы ең кішкентай құс. Дене тұрқы шамамен 45–55 см, қанат жаймасы 75–90 см айналасында ғана болады. Кәдімгі үлкен суқұзғынынан екі еседей кіші. Кішкене суқұзғыны негізінен қалың қамыс өскен, таяз, балыққа бай су қоймаларын, өзен атырауларын және көлдерді ұнатады. Қазақстанда Каспий теңізінің жағалауларында, Қаракөлде, Жайық, Сырдария өзендерінің төменгі ағысында жиі тіркеледі»,- деді Найман Жабас.
Айта кетейік, кішкене суқұзғыны – суқұзғындары тұқымдасына жататын, ерекше қорғауды қажет ететін сирек кездесетін құс.