Otpan News Logo

Қытайда келісімге қол қойылды: Маңғыстауда бу-газ қондырғысы салынады

|
21.05.2026 19:52
Қытайда келісімге қол қойылды: Маңғыстауда бу-газ қондырғысы салынады

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ербол Ізбергенов бастаған делегация Қытай Халық Республикасының Пекин қаласында өткен «Ақтау энергетикалық компаниясы» ЖШС мен серіктес банк арасындағы кредиттік келісімге қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, іс-шараға«МАЭК» ЖШС және Kokzhiyek Fund LP өкілдері де қатысты. Келісім Маңғыстау облысы Ақтау қаласында жүзеге 

асып жатқан қуаттылығы 160 МВт бу-газ қондырғысының құрылысы жобасын іске асырудағы маңызды кезеңдердің бірі саналады.


Жоба өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, электр энергиясымен қамту сенімділігін арттыруға және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, жаңа бу-газ қондырғысын іске қосу өңірдегі энергия тапшылығын төмендетіп, халық пен өндіріс орындарын тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!