Otpan News Logo

Маңғыстауда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

|
22.05.2026 09:00
Маңғыстауда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Ақтауда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, сала ардагерлері мен мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Мерекелік кешке мәдениет және өнер саласының өкілдері, шығармашылық ұжымдар, зиялы қауым мен ардагерлер қатысты.


– Мәдениет – ұлттың жаны, елдің рухани тірегі. Сіздер ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп келесіздер. Мемлекет тарапынан мәдениет саласына әрдайым қолдау көрсетіледі. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, – деді Нұрдәулет Қилыбай.


Мерекелік басқосу аясында сала мамандары мемлекеттік және өңірлік марапаттармен наградталды. Атап айтқанда, бірқатар қызметкерлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. 


Концерттік бағдарлама аясында Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 мамырдағы № 1283 Жарлығымен Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің әншісі Ақмарал Ерімбетова «Құрмет» орденімен марапатталса, Жоламан Көшкінов «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды. 


Ал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 

«Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Атап айтқанда:

  • Мәдениет саласының үздігі, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, мәдениет саласының ардагері – Жаңбыршы Айтберген;
  • Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрының Реквизит цехының меңгерушісі, Мәдениет саласының ардагері – Рысжан Атабаева;
  • Қазақ ұлттық консерваториясының «Құрметті» профессоры, білім беру ісінің «Құрметті» қызметкері, мәдениет қайраткері – Аманбек Сүндетов;
  • Мәдениет саласының үздігі, мәдениет саласының ардагері – Бейбіт Смағұлов. 


Іс-шара соңы қазақстандық эстрада әншілері мен өңірлік шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.

102
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!