Otpan News Logo

Маңғыстауда Айрақты аумағында ауқымды сенбілік өтті

|
17.05.2026 13:38
Маңғыстауда Айрақты аумағында ауқымды сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Маңғыстаудың көрікті туристік орындарының бірі – Айрақты аумағында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. 


Экологиялық шара мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғи ландшафты сақтау және өңірдегі экологиялық мәдениетті арттыру. Табиғатты аялауға бағытталған бұл бастамаға «Кен-Сары» ЖШС және Meerbusch ЖШС ұжымдары біркісідей жұмылып, белсене қатысты.


Сенбілік барысында Айрақты тауларының маңы мен іргелес аумақтар тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстан толық тазартылды. Жиналған қоқыстар арнайы полигондарға шығарылу үшін сұрыпталып, ретке келтірілді. Сонымен қатар, туристер жиі демалатын орындардың санитарлық жағдайы жақсартылды.


Компаниялардың басшылығы мен еңбек ұжымдары туған жердің көркеюіне және экологиялық ахуалдың жақсаруына өз үлестерін қоса отырып, өзге де өңір тұрғындары мен кәсіпкерлерді қоршаған ортаға жанашырлық танытуға шақырады.

86
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!