Otpan News Logo

Қызыл кітапқа енген құстар мекендейтін Қаракөл аумағы қоқыстан тазартылды

|
22.05.2026 14:37
Қызыл кітапқа енген құстар мекендейтін Қаракөл аумағы қоқыстан тазартылды

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізді. Қорық қызметкерлері «Қарақия – Қаракөл» мемлекеттік табиғи зоологиялық қаумалын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Қаракөл – халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқап қана емес, аймақтың экологиялық тепе-теңдігін ұстап тұрған бірегей табиғи нысан. Сондықтан бұл аумақтың тазалығын сақтау – тек табиғат жанашырларының емес, өңір тұрғындарының да міндеті. 


«Қаракөл – мыңдаған жыл құстарының, соның ішінде Қызыл кітапқа енген қызғылт қоқиқаздар мен аққулардың тұрақты аялдамасы. Көл жиегіндегі қоқыстар судың ластануына және құстардың улануына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан біз бұл аймақтың санитарлық жағдайын үнемі бақылауда ұстауымыз керек»,- дейді қорықтың кіші ғылыми қызметкері Найман Жабас. 


Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Маңғыстау облысында табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын тазарту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып жатыр. Мамандар тұрғындар мен туристерді табиғат аясына шыққанда жауапкершілік танытып, артынан қоқыс қалдырмауға шақырады.

60
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!