Otpan News Logo

Ақтауға Қазаннан биылғы маусымның алғашқы туристері келді

Ақтауға Қазаннан биылғы маусымның алғашқы туристері келді

Ақтау қаласы әуежайына Ресей мемлекеті Қазан қаласынан тікелей рейспен биылғы маусымда туристердің алғашқы легі келді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Борттағы 155 жолаушы арнайы автобуспен «Rixos Water World Aktau» қонақ үйіне жеткізілді. Туристерді маңғыстаулықтар әуезді әнмен және ұлттық дәммен қарсы алды. «Anex» компаниясының Ақтаудағы өкілі Равдан Казимовтың айтуынша, Қазан қаласынан бес жыл бойы тікелей рейстер орындалып келеді.


"Біз бес жылдан бері Ресейден келетін рейстерді қарсы алып, Ақтау қаласында туризмді дамыту бағытында жұмыс жүргізіп келеміз. Осы уақыт аралығында Екатеринбург, Мәскеу, Қазан қалаларынан рейстер жүзеге асырылды. Биыл бұл бағыттарға Уфа қаласы да қосылды. Аптасына Екатеринбург, Қазан және Уфа бағыттары бойынша үш рейс орындалады. Мұның барлығы туристердің Маңғыстау облысына деген қызығушылығы жоғары екені көрсетеді" - деді «Anex» компаниясының Ақтаудағы өкілі Равдан Казимов.


65
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!