Otpan News Logo

Маңғыстауда III халықаралық ғылыми-практикалық конференция мәресіне жетті

|
22.05.2026 22:14
Маңғыстауда III халықаралық ғылыми-практикалық конференция мәресіне жетті

6 мамыр күні Ақтау қаласында өткен «Конституция құндылықтары аясындағы заманауи білім беру: дәстүр мен инновациялар» атты III халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының екінші күні мазмұнды секциялық отырыстармен және тәжірибелік іс-шаралармен жалғасты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Білім басқармасының хабарлауынша, конференция аясында қатысушылар білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, жасанды интеллект технологияларының оқыту үдерісіндегі мүмкіндіктері, зияткерлік ойындардың оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытудағы маңызы және ұлттық спорт түрлерінің тәрбиелік әлеуеті жөнінде ой бөлісті.


Сонымен қатар, ұлттық зияткерлік ойындар – «Бестемше» және «Тоғызқұмалақ» бойынша командалық жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықтары мен шеберліктерін көрсетті.


Жарыс қорытындысы бойынша:


Командалық «Бестемше»:

І орын — Астана қаласы

ІІ орын — Маңғыстау облысы

ІІІ орын — Шымкент қаласы


Командалық «Тоғызқұмалақ»:

І орын — Маңғыстау облысы

ІІ орын — Түркістан облысы

ІІІ орын — Қызылорда облысы


Конференция соңында қатысушылар ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, білім беру жүйесіндегі дәстүр мен инновацияны ұштастыру бағытындағы маңызды бастамаларға қолдау көрсетті.


Іс-шара қорытындысында үздік қатысушылар мен жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен, сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.


Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары 2026 жылдың қараша айында Түркия Республикасында өтетін халықаралық жарысқа қатысу мүмкіндігіне ие болды.

43
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!