Otpan News Logo

Ақтауда «Гүлдер» ансамблі шеберлік сағатын өткізді

Ақтауда «Гүлдер» ансамблі шеберлік сағатын өткізді

Ақтау қаласында «Гүлдер» ансамблінің ұйымдастыруымен шеберлік сағаты өтті. Шара «Абай» мәдениет үйі мен «Құрмет» орденінің иегері, режиссер Серік Сариевтің қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz тілшісі.


Тәжірибесін бөлісіп, шеберлік сағатын өткізгендер қатарында: ансамбльдің бас балетмейстері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты Әнуар Садықова, жоғары санатты педагог-хореограф, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Гүлдер» ансамблінің педагог-репетиторы Дана Қуанышбекова, ұжым солисі Аққанат Смағұлова мен ансамбль әртісі Әнел Жұмаділдина бар. Шығармашылық топ Маңғыстауға «Халық әуені» бағдарламасы аясындағы гастрольдік сапармен келген.


Іс-шараға Мұнайлы, Ақшұқыр ауылдарынан және Жаңаөзен қаласынан да қатысушылар арнайы келді. Тәжірибелі мамандар «Гүлдер» ансамблінің репертуарындағы бірнеше танымал биді үйретті.


Айта кетейік, өнер ұжымы «Халық әуені» концертінің гастрольдік сапары аясында Жаңаөзен, Форт-Шевченко қалалары мен Қарақия ауданында концерт қояды.

49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!