Otpan News Logo

«Заңды біл – өз құқығыңды қорға!»: Ақтауда оқушылармен кездесу өтті

|
27.11.2026 16:17
«Заңды біл – өз құқығыңды қорға!»: Ақтауда оқушылармен кездесу өтті

OTPANNEWS.KZ. - Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Шаңырақ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Нұртас Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің оқушылары арасында «Заңды біл – өз құқығыңды қорға!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.


Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінігін кеңейту, құқық бұзушылықтың, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастыру.


Кездесуге Маңғыстау облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-экономикалық даму және талдау бөлімінің бас инспекторы, облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Ажар Нусанова, полиция аға лейтенанты, Маңғыстау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы Аян Ержанова, Ақтау қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығының психологы Жансұлу Жанышева арнайы қатысты.



Кездесу барысында полиция өкілі оқушыларға құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілік, құқық бұзушылықтың алдын алу және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң талаптары туралы түсіндірді.


Ал психолог оқушылармен интерактивті ойындар мен психологиялық жаттығулар өткізіп, өзара сенім, қарым-қатынас мәдениеті, жеке шекараны сақтау және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау тақырыптарын қамтыды.


Іс-шара барысында оқушылар мамандарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, құқықтық және психологиялық мәселелер бойынша пікір алмасты.


Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың алғашқы қадамы. Ал қауіпсіз қоғам әр адамның жауапкершілігінен басталады!


17
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!