Otpan News Logo

Маңғыстаудың үздік жастары анықталды

|
27.11.2026 16:24
Маңғыстаудың үздік жастары анықталды

OTPANNEWS.KZ – Маңғыстау облысында «Жас тұлпар – 2026» облыстық жастар премиясының жеңімпаздары белгілі болды. Биыл өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласып, кәсіби еңбегімен және жетістіктерімен көзге түскен 12 жас түрлі номинация бойынша үздік деп танылды.


Премия ғылым, білім, медицина, кәсіпкерлік, журналистика, спорт және басқа да салаларда табысқа жеткен жастарды қолдауға бағытталған.


«Жас тұлпар – 2026» облыстық жастар премиясының жеңімпаздары:


Үздік жас ғалым — Жұбаназаров Жәнібек Бәкенұлы;

Үздік жас мұғалім — Ахмеджан Диас Ғайратұлы;

Үздік жас маман — Бисенғұлов Қамшыбай Рахимұлы;

Үздік жас дәрігер — Орынғалиева Ақдидар Ісемғалиқызы;

Үздік жас кәсіпкер — Дүйсенғали Нұржан Мақсатұлы;

Жас көшбасшы — Қаржаубайұлы Сәбит;

Бейбіт күннің батыры — Кенжеғалиев Сәдірқожа Қайратұлы;

БАҚ саласының үздік жас қызметкері — Пирназарова Замира Сагинбаевна;

Жас дарын — Арғынқызы Ақмарал;

Ауылдың үздік маманы — Көшкінбаев Парахат Бесімбайұлы;

Үздік жас спортшы — Исламғали Еркебұлан Жеңісұлы;

Қайсар жас — Сарсенбаева Мерей Нұхықызы.


Айта кетейік, биылғы байқауға 18 бен 34 жас аралығындағы жастар қатысты. Премия жеңімпаздарына 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық, диплом, арнайы мүсінше мен төсбелгі табысталады.

48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!