Otpan News Logo

Маңғыстаулық дзюдошылар Загреб Гран-Приінде күреседі

|
02.11.2026 16:39
Маңғыстаулық дзюдошылар Загреб Гран-Приінде күреседі

OTPANNEWS.KZ. - Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсететін Маңғыстау облысының дзюдошылары қараша айының ортасында Хорватиядағы өтетін Гран-при турниріне қатысады. Олардың қатарында Жантілек Нұртілепұлы мен Меруерт Сәрсенова бар. 


-100 келіде белдесетін Жантілек ерлер құрамасының тізіміне енсе, Меруерт Сәрсенова (52 кг) үшін бұл сын Азия ойындарынан кейінгі маңызды турнир болмақ. 


Бұған дейін жерлестеріміз 11 қазан күні Бакуде өткен әлем біріншілігінің аралас командалық сайысында өнер көрсеткен болатын. Аталған турнирде Жантілек Нұртілепұлы Франция балуанынан басым түсіп, командағы жалғыз жеңісті сыйлады. Ал Меруерт Сәрсенова Жапонияда өткен Азия ойындарында командалық сында күміс медальға ие болған. Сондай-ақ, қос балуан да тамыз айында Оралда өткен ел чемпионатында жүлдегерлер тізіміне қосылды. 


Ерлер:

60 кг: Аман Бақытжан, Нұраділ Әлжан

66 кг: Нұрқанат Серікбаев, Бақытжан Абдурахманов

73 кг: Данияр Шамшаев

90 кг: Ермахан Әнуарбеков, Нұржан Бисенов

+100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Жантілек Нұртілепұлы.


Әйелдер: 

 48 кг: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева

 52 кг: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова

 57 кг: Дана Әбдірова

 63 кг: Эсмигүл Куюлова

 70 кг: Ажар Асхат

 78 кг: Екатерина Токарева

 +78 кг: Аида Тойшыбекова, Камила Берліқаш.

31
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!