Маңғыстаулық сурдо-каратэшілер халықаралық жарыстан қос қола жеңіп алды
OTPANNEWS.KZ – Маңғыстау облыстық сурдо-каратэ федерациясының спортшылары Ділназ Алдоңғар мен Жасұлан Елубай халықаралық жарыста қола жүлдеге ие болды.
23–25 қазан аралығында Тараз қаласында WKF каратэден халықаралық жарыс өтті. Додаға Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен 500-ден астам спортшы қатысты.
Есту қабілеті бұзылған жас спортшылар осындай деңгейдегі жарысқа алғаш рет қатысып отыр. Маңғыстаулық спортшылардың айтуынша, бұл – бір жылдық жаттығу мен еңбектің нәтижесі.
48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев