Otpan News Logo

Маңғыстауда автомобиль жолдарының қысқы күтіміне дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

|
02.11.2026 14:52
Маңғыстауда автомобиль жолдарының қысқы күтіміне дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

OTPANNEWS.KZ. - Дайындық барысында қажетті материалдар қоры жасақталып, арнайы техникалардың әзірлігі тексеріліп жатыр. Сонымен қатар қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстауға қажетті жанар-жағармай қоры қамтамасыз етілген.


Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша қысқы кезеңге 975 м³ құм, 432 м³ тұз, 24 000 литр бензин және 84 000 литр дизель отыны дайындалды. Жолдарды күтіп ұстауға арналған 38 арнайы техника қысқы маусымға әзірленді.


Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша 2 842 м³ құм, 853 м³ тұз, 4 000 литр бензин және 75 000 литр дизель отыны әзірленді. Қысқы күтім жұмыстарына 44 арнайы техника жұмылдырылады.


Қысқы маусымда жолдарды қардан тазарту, көктайғаққа қарсы өңдеу және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.


Жол активтері сапасының ұлттық орталығы қысқы кезеңдегі жол күтімінің сапасына бақылау жүргізуге дайын.

17
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!