Otpan News Logo

Маңғыстаулық екі педагог республикалық байқауда жүлделі болды

Маңғыстаулық екі педагог республикалық байқауда жүлделі болды

ӨСКЕМЕН. OTPANNEWS.KZ – Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің екі оқытушысы республикалық педагогикалық байқауларда марапатқа ие болды. Камшат Жаңабаева «SMART-ҰСТАЗ» байқауында ІІ орын алса, Венера Макарова «Үздік педагогикалық эссе» байқауында арнайы сертификатпен марапатталды.


Еліміздің әр өңірінен педагогтер қатысқан байқаулар 28–31 қазан аралығында Өскемен қаласындағы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде өтті. 


Камшат Жаңабаева техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының информатика пәні оқытушылары арасындағы КСРО халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев атындағы «SMART-ҰСТАЗ» республикалық байқауында бақ сынаған. Ол 12 үміткер қатысқан байқауда ІІ орын иеленді.


Ал Венера Макарова А. Ислямов атындағы IV республикалық «Үздік педагогикалық эссе» байқауына қатысып, арнайы сертификатқа ие болды.


Екі оқытушы да Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде еңбек етеді.

138
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!