Otpan News Logo

Маңғыстауда әлеуметтік көмек жүйесіндегі жаңашылдықтар талқыланды

|
02.11.2026 14:42
Маңғыстауда әлеуметтік көмек жүйесіндегі жаңашылдықтар талқыланды

OTPANNEWS.KZ - Іс-шараға қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері және реформаны түсіндіру үшін арнайы құрылған штаб мүшелері қатысты.


Мемлекет басшысының әлеуметтік саясатты трансформациялау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатындағы жиынның басты міндеті - әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін оңтайландырып, өзгерістерді халыққа ашық әрі қолжетімді түрде жеткізу.


- Біз әлеуметтік көмек көрсету жүйесін әрбір азаматқа түсінікті әрі ашық жеткізуді қолға алдық. Ақпарат ағыны, әлеуметтік желілерде түрлі жаңалықтар тарап жатыр. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан қолдау мен өзгерістер әрбір тұрғынға сенімді дереккөз арқылы жетуі тиіс. Сондықтан жергілікті әкімдіктер мен штаб мүшелері халықпен тікелей байланыс орнатып, барлық жаңашылдықтарды егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын күшейтеді. Әрбір азаматтың құқығы ескеріліп, көрсетілетін көмектің сапасы мен қолжетімділігі басты назарда болады, - деді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Нұрбол Телегенов. 


Кездесуде қатысушылар өзара іс-қимыл жоспарын пысықтап, жаңа жүйенің артықшылықтарын әрбір тұрғынға сапалы жеткізу бойынша нақты міндеттерді белгіледі. Жергілікті әкімдіктерге халықпен кері байланысты күшейтіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.


Айта кетейік, өңірде әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру мәселесі бойынша штаб жұмыс істеп жатыр.

52
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!