Otpan News Logo

Жаңаөзенде дене шынықтыру және сауықтыру кешені салынып жатыр

|
02.11.2026 11:31
Жаңаөзенде дене шынықтыру және сауықтыру кешені салынып жатыр

OTPANNEWS.KZ. - Жаңаөзен қаласында жаңа дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Жоба толық іске қосылғанда кешен бір мезетте 500 адамды қабылдай алады. 


Президент тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан жоба Жаңаөзен қаласында спорттық инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындардың дене шынықтырумен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Жаңа кешен Өндірістік аймақтың №3 аумағында орналасқан. Нысанның жалпы көлемі 3 075,55 шаршы метрді құрайды.



Кешенде бокс, муайтай, каратэ, дзюдо, еркін және грек-рим күресі, көркем гимнастика, футбол, баскетбол және волейбол түрлерімен айналысуға жағдай жасалады.


Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталып, 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған. Жоба іске асқаннан кейін Жаңаөзен қаласының тұрғындары үшін спортпен шұғылдануға мүмкіндік аясы кеңейеді.

81
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!