Маңғыстаулық шеберлер құны 35 млн теңге тұратын кемер белбеуді көрмеде таныстырды
OTPANNEWS.KZ – Бұл белбеу Астана қаласында өткен Маңғыстаудың мәдени мұрасы мен шығармашылық әлеуетін таныстыруға арналған көрмеде таныстырылды.
Маңғыстаудағы «Өмір» зергерлік үйінің шеберлері көрмеге адайлардың дәстүрлі кемер белбеуін алып барған. Ұлттық нақыш пен зергерлік өнердің озық үлгісін үйлестірген бұйымның құны 35 миллион теңгеге бағаланып отыр.
«Бұл – «Өмір» зергерлік үйінің туындысы. Осыған дейін құны 25 миллион теңге болатын кемер белбеу сатылып кетті. Белбеу сіркелеу әдісімен жасалды. Зергерлік жұмыс ұқыптылық пен төзімді талап етеді. Зергерлік туындыны үш шебер жасады. Атап айтқанда, әкем – Өтепқали Өмір және ағаларым – Төлеген мен Төремұрат Өмір. Кемер белбеуді әзірлеуге бір жыл алты ай уақыт кетті»,- деді Гүлкенже Өмір.
Бұйым дәстүрлі зерлеу және сіркелеу әдістерімен жасалды. Бұл – зергерлік өнерде үлкен дәлдікті, төзімділік пен шеберлікті қажет ететін күрделі жұмыс.
55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев