Otpan News Logo

Каспийде заңсыз әрекеттердің алу кезінде 126 адам ұсталды

|
02.11.2026 10:20
Каспийде заңсыз әрекеттердің алу кезінде 126 адам ұсталды

OTPANNEWS.KZ. - ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінде заңсыз әрекеттерді тоқтату бойынша арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізді.

 

«Биыл қазан айында мемлекеттік органдармен жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде 126 құқық бұзушы мен 44 шағын көлемді су көліктері ұсталды. Олардан 11,5 кг есірткі, 88 шақырымға жететін браконьерлік құрал-саймандар тәркіленді. Торлардан табылған 2 337 бекіре және балық түрі табиғи мекендеу ортасына жіберілді», - деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.

 

Анықталған деректер бойынша салынған әкімшілік айыппұлдар көлемі 4,5 млн теңгені құрап отыр. Бұдан мемлекетке келуі мүмкін болған алдын алған залал мөлшері 840 млн теңгеден асқан.

 

Бұл ретте ҰҚК Шекара қызметі теңізде белгіленген тәртіптерді сақтау қажеттігін еске салады. 

63
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!