Otpan News Logo

Маңғыстаулық дизайнер Париж сән апталығында екі топтамасын таныстырды

Маңғыстаулық дизайнер Париж сән апталығында екі топтамасын таныстырды

ПАРИЖ. OTPANNEWS.KZ – Маңғыстаулық дизайнер Меруерт Балманова Париж сән апталығы аясында «Шашақ» және «Бозжыра» коллекциясын таныстырды. Екі топтамада да қазақтың ұлттық киім үлгілері заманауи сәнмен үйлестірілген.


«Шашақ» коллекциясының негізіне қазақтың дәстүрлі сәндік элементтерінің бірі алынған. Дизайнер шашақты заманауи киім үлгілерінде қайта ұсынып, ұлттық нақышты жаңа пішіндер мен детальдар арқылы көрсеткен.


Ал «Бозжыра» коллекциясына Маңғыстаудың әйгілі табиғи ландшафты арқау болған. Ақ шатқалдар, жел мен уақыт қалыптастырған жартас пішіндері топтаманың идеясы мен көркемдік шешімінен көрініс тапқан.


Meruert Balmanova сән үйінің топтамаларында ұлттық ою-өрнек, кесте, дәстүрлі силуэттер мен қолөнер элементтері заманауи үлгіде қайта қарастырылады.


Сән үйі ұзату мен тойға арналған киімдермен қатар, бешпент, кәжекей, камзол және қазақтың дәстүрлі киімдерінің заманауи үлгілерін әзірлейді. Әр бұйымның эскизінен бастап мата таңдау, кестелеу және соңғы өңдеуіне дейінгі жұмыстары мұқият жасалады.

8
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!