Otpan News Logo

Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Иран азаматтарына қатысты сот үкімі шықты

|
06.10.2026 10:20
Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Иран азаматтарына қатысты сот үкімі шықты

OTPANNEWS.KZ. 24 шілдеде Иранның үш азаматы балық аулау кезінде Каспий теңізі арқылы Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен.


Аталған азаматтарды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің әскери қызметшілері ұстаған.


ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-1-бөлігімен, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша мемлекеттік шекараны өткізу пункттерінен тыс жерде қасақана заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Қарақия аудандық сотының үкімімен Иран Ислам Республикасының үш азаматы кінәлі деп танылып, оларға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жібере отырып, бір жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі қазіргі уақытта заңды күшіне енген жоқ», деп мәлімдеді Маңғыстау облысының прокуратурасы.

Мемлекеттік шекараны өткізу пункттерінен тыс жерде заңсыз кесіп өту заңнамада белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

38
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!