Otpan News Logo

Жаңа заманның жаңа Конституциясы

|
06.10.2026 13:30
Жаңа заманның жаңа Конституциясы

Конституцияға енгізілген өзгерістер қоғамның басты сұранысына әділдік пен теңдік қағидаттарына толық жауап береді. Жаңартылған Конституция мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеріп, халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының негізін бекітті. 


Маңғыстау облысы үшін бұл өзгерістердің маңызы зор. Әсіресе аймақтық даму, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайту және азаматтық қоғам белсенділігін арттыру бағытында үлкен мүмкіндіктер ашылды. Бұл реформалар билік институттарының ашықтығын қамтамасыз етіп, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне араласу мүмкіндігін кеңейтті. 


Біздің партия үшін Ата заңның әр-бір тармағы – тұрақтылық пен заң үстемдігінің кепілі. Маңғыстаудың белсенді жастары мен кәсіпкерлері, жалпы жұртшылығы бұл өзгерістерді зор жауапкершілікпен қабылдады. Өйткені жаңарған Конституция – еліміздің ертеңі мен тұрақты дамуының берік іргетасы. 


Біз осы жасампаз құндылықтар төңірегінде бірлесе жұмыс істей береміз. Ата заңымыздың аясында өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға және жастардың бастамаларына жол ашуға күш саламыз. Жаңа бағыт әрбір маңғыстаулықтың әл-ауқатын жақсартуға қызмет ететініне сенімдімін.


Нұржігіт ХАЙРУЛЛАЕВ,

«Respublica» партиясы

Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы

7
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!